Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​«Mellstroy» блогеріне халықаралық іздеу жарияланды

189 рет қаралды

Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Бурим Андрей Александровичты (15.12.1998 ж.т.) халықаралық іздеуге жариялады.

Сот Буримға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінуде.

Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Егер іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Астана қаласы бойынша ЭТТД-ге келесі телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім;
+7 7172 70 84 79.

17 қараша, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.