Атырау, 5 желтоқсан 08:27
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мостовой өзегін қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып шықты

234 рет қаралды

Жобаны дайындау жұмысы аяқталғаннан кейін оны әрі қарай іске асыру тым қымбатқа түсетіні анықталып, балама нұсқаларды іздеуге кіріскен.

Өзекті қайта жандандыру идеясын жергілікті билік 2023 жылдың көктемінде көтерген еді. Бастапқыда жобада су арнасын асфальтпен тегістеп, түбіне дренаж және кәріз құбырларын, сонымен қатар жазғы су жүйесін жүргізу ұсынылған. Ал беткі қабатына велосипед және жаяу жүргіншілер жолдарын салып, көше шамдарын, орындықтар және басқа да инфрақұрылым орнату көзделген.

Жерасты суларының деңгейін төмендету және кәріз жүйесінің ұзындығын арттыру жобаның басты артықшылығы ретінде аталған. Бұл жеке сектордағы үйлердің 70–80 пайызын орталық кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік берер еді.

16 шақырымдық учаскеге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) 2023 жылдың қазанында аяқтау жоспарланған болатын. Алайда жер бедері, геология және геодезияға байланысты туындаған қиындықтар салдарынан мерзімдер бұзылған.

Қалалық әкімдік, атап айтқанда, вертикалды дренаж ұңғымаларына шамамен 800 сорғы орнату қажет екені анықталғанын хабарлады. Ол үшін 1000 кВт-тан астам электр қуаты керек. Соның нәтижесінде бұл нұсқа тым қымбат әрі техникалық жағынан күрделі болғандықтан, жарамсыз деп танылған.

Жалпы, «жоба аяқталды, бірақ оны жүзеге асыру құны жоғары болуына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып шықты. Қазіргі уақытта жобалық ұйым шығынды азайтуға бағытталған шешімдерді іздеп, әзірлеумен айналысып жатыр. Жаңартылған ЖСҚ-ны жыл соңына дейін ұсыну жоспарлануда», – делінген «Ақ Жайық» редакциясының сауалына берген  әкімдіктің жауабында.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген автор

17 қараша, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.