Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

«​​Атырау–Алматы» пойызы 14 желтоқсаннан бастап күн сайын қатынайды​

321 рет қаралды
Сурет: ҚТЖ
Сурет: ҚТЖ

2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады. Бұл шешім батыс және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге, сондай-ақ, қысқы маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарт типтегі 15-тен астам вагоннан тұрады. Бұл бағытпен бір рейсте шамамен 700 жолаушы тасымалданады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты https://tablo-railways.kz/ru сайтындағы онлайн-табло арқылы қарауға мүмкіндік бар.

17 қараша, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.