
Алматы полициясы интернетте жарылыс жасаймын деп қоқан-лоққы жасаған ер адамды ұстады. Оқиға 2ГИС платформасындағы діни ұйымдарға қатысты материалдың астындағы комментарийде болған. Белгісіз қолданушы жарылыс жасаймын деп қорқытып жазба қалдырған.
Бұл туралы ақпарат «102» пультіне түскен соң, экстремизмге қарсы басқарма қызметкерлері тексеруді бастады. Жедел шаралар нәтижесінде автор анықталып, 2004 жылы туған Алматы тұрғыны ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Басқарма бастығы Асхат Дәулетияровтың айтуынша, интернеттегі кез келген қауіп немесе «әзіл» қоғам үшін нақты қауіп ретінде қабылданып, заңмен қатаң тексеріледі.
Полиция тұрғындарды әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен қолдануға, қорқыту немесе заңға қайшы жазбалар жарияламауға шақырады.
В Атырау -1