Атырау, 19 желтоқсан 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырау көшелеріндегі қираған көліктер: полиция жол-көлік оқиғасының салдары қандай болатынын көрсетті

404 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырауда полиция қызметкерлері ерекше акция ұйымдастырды — қала көшелерімен  жол апатына түскен көліктердің шеруі өтті.

Іс-шара республикалық "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" апталығы аясында өтті және өңірдегі көлік апаты деңгейіне назар аударуға бағытталды.

Атырауда 2025 жылдың басынан бері 1500-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көлік апатынан 78 адам көз жұмып, 2199 адам түрлі дене жарақатын алған. Апаттың көбі көліктегі жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін сақтамау салдарынан болған. 

Апталық аясында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салу үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерінде апатқа ұшыраған көлік құралдарын көрнекі түрде орналастырып, қала аумағынан жүріп өтті. Бұл акция жол қозғалысына қатысушыларды көлік апаттарының ауыр зардаптары туралы ойлануға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған.

Бұл іс-шараның мақсаты — жол көлік оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарын қоғам назарына жеткізу, сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

Іс-шара барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің назарын аудару үшін арнайы түсініктемелер мен кеңестер беріліп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда.

14 қараша, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.