Атырау, 5 желтоқсан 08:27
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ресейде Екатерина Биволға қатысты тексеру жүріп жатыр

286 рет қаралды

Ресейде әлеуметтік желіде қырғыз және қазақ ұлттарын қорлаған видеосымен танылған Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалуы ықтимал. Бұл жайында ресейлік «Газеты.Ru» басылымы хабарлады.

Ресей Ішкі істер министрлігі Биволдың әрекетіне байланысты тексеріс басталғанын ресми түрде растады. Ведомство мәліметінше, жиналған материалдар Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша ІІМ басты басқармасының қарауына берілген.

Еске салайық, қазан айында Екатерина Бивол әлеуметтік желіде қырғыздар мен қазақтарды қорлайтын бейнеролик жариялап, үлкен резонанс тудырған еді. Осы оқиғадан кейін оған Қырғызстан мен Қазақстанда қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан ІІМ басшысының орынбасары 2025 жылдың 13 қарашасында Қазақстан тарапы Биволды экстрадициялауға ресми сұрау жолдайтынын мәлімдеген.

14 қараша, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.