Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Air Astana апатты есікті ашқан жолаушыдан 23 млн теңге шығын талап етті

276 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Air Astana әуе компаниясы рейс кезінде апатты шығу есігін өз бетімен ашқан Қазақстан азаматына қарсы сотқа жүгініп, одан 23 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өтеуді талап етті. Бұл туралы ақпаратты Қызылорда қалалық соты жариялады.

Оқиға Астана–Алматы бағытындағы рейс қонып, трапты күтіп тұрған сәтте орын алған. Жолаушы әйел экипаждың нұсқауынсыз апатты шығу есігін ашып жіберген, салдарынан ұшақтағы үрлемелі эвакуациялық трап өздігінен іске қосылған.

Сот деректері бойынша, апатты трап тек төтенше жағдайларда қолданылуы тиіс. Оны жоспардан тыс іске қосу компанияға 22 995 936 теңгенің шығынын алып келген – трапты толықтай ауыстыру қажет болған.

Сот тараптарға татуласу мүмкіндігін ұсынып, медиациялық келісімге келуге уақыт берген. Нәтижесінде екі жақ бітімге келді: жолаушы 2025 жылдың 20 қарашасына дейін 6 698 426 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Ал Air Astana бастапқы талап еткен толық сомадан бас тартты.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.

14 қараша, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.