Атырау, 23 қараша 16:06
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сенбілік кештегі қарбалас

4 865 просмотра

Отызға тарта жас жігіттер мен қыздар сенбілік кештерін ерекше өткізді: олар бес сағат бойы Аяз атаны, тату салынған қыздарды және жас жұбайларды қала ішінен іздеп шарқ ұрды. Тапқандары мас кісіше мойындарына асыла кетті. Не үшін? Суретке түсу үшін. Өйткені фото аңшылық басталды.

«СӘТТІ СУРЕТТЕРДІ АУЛАУ»

Жүгірістен қара тер болған, тапсырмада жылдамдық та маңызды, олар бес адамнан штабқа кіріп, жүгірген күйі камераның USB желісін планшетке тығып, фото және бейне дәлелдерін қазылар алдына ұсынды. Зал іші гу-гу әңгіме – командалар өз сезімдерімен бөлісіп жатыр: біреулерін әуежайға күзетшілер кіргізбеген, біреулер «тосап фабрикасын» таба алмаған, ал үшіншілерінен жағалауда қыдырып жүрген қыздар шошына қашқан, егер сізге «сізде тату бар ма?» деген тосын сұрақпен жігіт жақындаса, өзіңіз не істер едіңіз.

«Фото аулау» интерактивті ойыны Атырауда екінші рет өткізіліп отыр. Идея алматылықтардікі, ал мағынасына келетін болсақ, Ережеде «Сәтті суреттерді шығармашылықпен аулау» деп жазылған. «ААА» атыраулық еріктілер қауымдастығының қыз-жігіттері шара форматын сол күйінде алып, ал тапсырмаларды, әрине, топографияның жеке ерекшеліктері мен өз қиялдарына сүйене отырып, өздері ойлап тапты. Бұл жолы ұйымдастырушылар ретінде екі АйгүлЛҰҚМАНОВА мен ҚАЛЫБАЕВА еңбек етті. Қыздар бар ойын жүрісін құрастырып, сценарийін жазды, тіркеу жұмыстарын жүргізіп, қазылар алқасын ұйымдастырды. Тіпті, үш бет А4 форматты қағазға «адал ойын мен тең талаптар қағидатына сүйенген» ережелер жиынтығын да жазыпты. Тек байланыс мәселесі аздап үйлеспей қалған екен, былтыр 12 команда болса, биыл тек алты-ақ команда қатысты. Ұйымдастырушылар майл.ру және фейсбук арқылы хабарламалар таратқан екен, алайда нәтиже күткендей болмай қалыпты.

 

ТОСЫН СЫЙ

Қатысушылар ымырт үйіріле конвертке салынып, желімделген тапсырмаларын жиналу орнынан ғана алады. Орындауға белгілі уақыт беріледі, алайда қай тапсырмадан бастауды ойыншылардың өздері шешеді. Ойынға қатысу үшін бес адамнан құрылған командаға әр командадан 10 мың теңге мөлшерінде жарна, бір машина, фотокамера, ноутбук, флешка, сандық камераны асынып алып, кедергілер арқылы жүгіру, кәсіби көлік жүргізу дағдылары, келісім жүргізуші, әсіресе, келістіруші тәжірибесі, тапқырлық, астарлы сөздерді қарапайым сөздерге айналдыру дағдысы, сондай-ақ, таныс-тамырлық та керек екен. Алмас – қонақ үйдің әкімшісі болып жасайды және оған қызметтік жағдайын пайдаланып, барлық командасымен қонақ үй залдарының бірінде болып жатқан үйлену тойына кіріп, тапсырмалардың бірі – жас жұбайларға «асабаның қасында тұрып», тілек айтып, бейне жазбаға түсіру қиынға соқпады. Келесі тапсырма – бес халықтың достығын бейнелейтін креативті сурет түсіру үшін жұмыс орнындағы адам бойымен бірдей бес елдің туын пайдаланды. Келесі команда жоғарыда айтылған тармақтардың қайсысын пайдаланғанын білмеймін, олар қыркүйек айында Аяз ата мен Қарша қызды тауып алып, «Атырау» ойын-сауық кешенінің алдына суретке түсіпті. Сондай-ақ олар осы тапсырманы керемет орындаған жалғыз команда болды.

 

ҚАРТТАР ДА ҰМЫТЫЛМАДЫ

Жастардың айтуынша, адамдарға жағдайды түсіндіріп айтсаң, әсіресе, ойынның қайырымдылық бөлігі – түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа кетеді деп ескертсең, көмектесуге дайын тұрады.

Бейне түсірілімдерден мұны анық байқауға болады. Жеке отбасылық мерекелерге шақырусыз келгендеріне қарамастан, командалар мұнда өздерін еркін сезінген, жас жұбайлар да ыстық ықылас білдірген. Өздері ешқашан көрмейтін біреудің фотосуретіне түсіп қалуға да тырысқан адамдар да табылды. Ал енді астарлы сөздерге келетін болсақ, ұйымдастырушылар ұсынған метафораларды түсіну үшін мас болу керек шығар. «Барлық команда мүшелерінің тосап дайындау фабрикасында түскен суреті» немесе «2 ағайынды бургер жеу үшін атпен шауып келеді, бірақ бәрібір жете алмайды» деген сөз оралымдарын аударсақ, алғашқысы «ФабрикЪ» пен «Джем» барлары туралы болса, екіншісі Исатай-Махамбет алаңындағы екі батырдың ескерткіші жөнінде екен.

...Жиналу, алғашқы 5 тапсырма, үш сағаттан кейін штабтағы чек-пойнт (ойынды сақтау), жаңа тапсырмалары бар тағы бір конверт... Түн ортасында бәрі аяқталды. Ұпай саны бойынша жеңімпаз да анықталды: «Багаж» командасы. Команда мүшелері өзара ақылдасып, өздеріне тек жарна сомасын қалдырып, сыйлықтан бас тартты. Осылайша, ойыншылар 50 мың теңге ақша жинады. Бұл қаражатқа «ААА» қыз-жігіттері Қарттар күніне орай (1 қазан) жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік және басқа да бұйымдар сатып алып береді. Олар әлеуметтік қорғау бөлімінен тізімге келісім де алып қойыпты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттер командалар мұрағатынан

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.