
Жұмаға қараған түні Ресей Украинаға шамамен 430 дрон мен 18 зымыран қолданып жаппай соққы берді, деп жазды президент Владимир Зеленский телеграмда, деп хабарлайды Би-би-си.
Шабуыл адамдар мен азаматтық инфрақұрылымға мүмкіндігінше көбірек зиян келтіретіндей етіп арнайы есептелген, - деп мәлімдеді Украина президенті.
Оның айтуынша, түнгі шабуыл салдарынан төрт адам қаза тауып, бірнеше ондаған адам (оның ішінде жүкті әйел бар) зардап шеккен.
Киевте ондаған көпқабатты үй зақымданды, ал "Искандер" зымыранының сынықтары Әзербайжан елшілігінің ғимаратына түсті.
Әзербайжан бұл ақпаратқа әзірге пікір білдірген жоқ.
В Атырау -2