Атырау, 5 желтоқсан 08:27
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматыда «Warner Bros» қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 5 жыл жаза алды

310 рет қаралды

Алматыда голливуд студиясына еш қатысы жоқ, бірақ оның «Warner Bros» атын пайдаланып құрылған қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, ұйымдастырушылар азаматтарды жоғары табысқа уәде етіп инвестиция салуға шақырған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін көріп, жаңа салымшылар тарту арқылы табыс табу ұсынылған.

Жоба 9 деңгейден тұрып, орташа салым көлемі – 225 000 теңге. Барлық төлемдер USDT криптовалютасында жүргізілген. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде арнайы чаттар ұйымдастырылып, нұсқаулықтар мен видеолар таратылған.

Тергеу кезінде пирамиданың криптоәмияндары анықталып, 3,8 млн USDT активтерге тыйым салынды. Ұйымдастырушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 40 жәбірленушінің шығыны тәркіленген криптоактивтер есебінен өтелетін болды.

14 қараша, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.