Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Қырғызстанда тойлар сағат 22:00-де аяқталып, жарық өшіріледі

306 рет қаралды

Қырғызстанда барлық тойлар, ойын-сауық шаралары, кафе, мейрамханалар мен түнгі клубтар кешкі 22:00-ден кейін жұмысын тоқтатуы тиіс, деп мәлімдеді Үкіметтің орынбасары және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев. Бұл туралы АКИpress хабарлады.

Оның айтуынша, бұл талап «тыныштық туралы» заңға сәйкес Үкіметтің шешімімен бекітілген.

«Біз шешім қабылдадық, бірақ ол орындалмай келеді. Мұны қалай білдім? Жақында Бішкекте менің әріптесімнің тойы түн ортасына дейін созылды, ешкім араласқан жоқ. Жала-Абадта да солай, той түнгі 12-ге дейін өтті, ешкім ештеңе айтпады», – деді Ташиев.

Ол Үкіметтің шешімінде жергілікті атқарушы органдардың «тыныштық туралы» заңның орындалуын бақылауы міндетті етіп жазылғанын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдар басшылары, сіздер жазбаша тапсырманы орындамай отырсыздар. Енді ресми түрде тапсырдым: 22:00-ден кейін барлық тойлар, ойын-сауық шаралары, кафе, мейрамханалар мен түнгі клубтар толық тоқтатылуы тиіс. Кім бағынбаса – электр жарығын өшіріңіздер», – деді Ташиев. Ол қосымша атап өткендей, 22:00-ден кейін мейрамханаларда электр өшіріледі.

14 қараша, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.