Атырау, 5 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Новороссийскідегі дрон шабуылы Қазақстан мұнайының тасымалына әсер етпеді – Энергетика министрлігі

319 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийскідегі «Шесхарис» мұнай терминалына украин дрондарының жасаған шабуылына қатысты пікір білдірді. Бұл терминал арқылы Қазақстан мұнайы транзитпен өтеді.

Министрлік хабарлағандай, оқиға шикізат тасымалына әсер етпеді.

«Қазақстан мұнайының қабылдануы мен тасымалы қалыпты режимде жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігі Ресейдің «Транснефть» компаниясымен үнемі байланыста болып, жаңартылған жедел ақпарат алып отырғанын айтты.

«Министрлік “Транснефть” компаниясымен байланыста. Жағдай тұрақты бақылауда», — деп қосты министрлік.

14 қараша, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.