Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

БҰҰ: Газа секторындағы балаларға вакцина салынып жатыр

179 рет қаралды
Сурет: БҰҰ жаңалықтар қызметі
Сурет: БҰҰ жаңалықтар қызметі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның Балалар қоры Газадағы 44 мың балаға медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар қызметі жариялады, деп жазады ҚазАқпарат. 

Иммундау жұмыстары 18 қарашаға дейін жалғасады.

Қақтығыс басталғанға дейін Газада 54 вакцинация орталығы жұмыс істеген. Бұл аймақ балаларды иммундау көрсеткіші бойынша әлемдегі үздік өңірлердің бірі болған.

— Соғыс 20 мыңнан астам баланың өмірін қиып кетті. Енді аман қалғандарын қорғау – біздің қолымызда. Әрбір балаға екпе егу, олардың денсаулығын сақтау және дұрыс тамақтануына жағдай жасау – тек гуманитарлық шара ғана емес, бұл – адамгершілік жауапкершілік. Біз соғыс жағдайында дүниеге келген балалардың болашағын қорғауға, қирандылар арасындағы жалғыз үміттің сөнбеуіне күш саламыз, — деді ЮНИСЕФ-тің Палестина Мемлекеті жөніндегі өкілі Джонатан Вейтч.

Науқан аясында ЮНИСЕФ Газа секторына түрлі вакциналар, медициналық құрал-жабдықтар және 11 түрлі тағамдық қоспалар жеткізеді. Екпе жұмыстары Газа аумағындағы 149 медициналық мекемеде және 10 мобильді топ арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Газа секторындағы 1 миллион тұрғынға гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

14 қараша, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.