Атырау, 5 желтоқсан 08:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қарағандыдағы жас қыздың өлімі мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері: істе жаңа дерек пайда болды

197 рет қаралды

Қарағандыдағы учаскелік бекеттердің бірінде  әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған еді. Бүгін облыстың полиция департаменті осы қызметкердің ауруханадан шыққаннын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірақ, анықталғандай, полицей ауруханадан ғана емес, жұмыстан да шығып қалған екен.

«Әйел адамның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұрынғы учаскелік инспектор ауруханадан шықты. Және теріс мінездемемен ішкі істер органдарының қатарынан да шықты», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

Қаза тапқан әйел – 23 жастағы Эльмира есімді азаматша болған. Оның артында төрт жасар ұлы қалған.

14 қараша, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.