Атырау, 5 желтоқсан 08:27
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан ​автокөлік брендін дайындап жатыр

166 рет қаралды

Қазақстан өзінің автомобиль брендін құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Бәйтерек" ұлттық холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Холдинг Малайзияның Perusahaan Otomobil Nasional Sdn. Bhd. (PROTON) компаниясымен Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Құжат Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытуға және ұлттық автокөлік өндірушісін қалыптастыруға бағытталған" - деп атап өтті "Бәйтерек" холдингінде.

Холдинг тарапынан меморандумға Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин, ал PROTON компаниясы тарапынан корпоративтік стратегия жөніндегі вице-президент Айнол Азмил Абу Бакар қол қойды.

Келісім аясында техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізужергілікті серіктестерді айқындау және қаржыландыру тетіктерін пысықтау жоспарланған. 

Анықтама үшін

PROTON Holdings Bhd — Малайзияның алғашқы ұлттық автомобиль жобасы ретінде құрылған компания. Компанияның мақсаты — елдің экономикалық дамуын жеделдету және жергілікті автомобиль өнеркәсібінің негізін қалау. 2017 жылы PROTON компаниясы DRB-HICOM және Zhejiang Geely Holding Group арасындағы серіктестіктің арқасында қазіргі заманғы және жаһандық автокөлік бренді ретінде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

14 қараша, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.