Атырау, 19 сәуір 19:12
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Аудан жаңалықтары

2 341 просмотра

Құрманғазыға -85 жыл

21 қыркүйек күні Құрманғазы ауданының 85 жылдығы тойланды.  

Мерекелік шаралар барысында Құрманғазы ауданының әкімдігі Исатай ауданы, Ресейдің Саратов облысының Краснояр ауданы және Астрахан облысының Володар ауданының басшыларымен экономикалық және мәдени байланысты дамытуды көздейтін меморандумға қол қойды.

Ал Ганюшкин селосынан Каспий құбыр консорциумының демеушілігімен Тәуелсіздік саябағы ашылды. Аламан бәйге өткізіліп, бас бәйгеге шетелдік автокөлік тігілді. Түстен кейін жергілікті халық ауданның тарихи шежіресінен сыр шерткен театрландырылған көріністерді тамашалады.

***

 

Құлсары ата кесенесі

Құлсары қаласының құрылғанына 12 жыл толуына орай Құл-сары атаның кесенесі ашылып, рәміздер алаңы пайдаланылуға берілді. Бұл күні бәйге ұйымдастырылып, өнерпаздар өнерлерімен тамсандырды.

***

 

Филиал ашылды

Исатай ауданында «Атырау» футбол клубының филиалы ашылды.

Онда 100-ден астам бала аяқдоп өнерін меңгеретін болады. Ал бапкерлерді шыңдау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастыратын арнайы семинарларға тәжірибе алмасуға жібермек. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.