Атырау, 5 желтоқсан 08:27
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қостанай облысында мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізуші ұсталды

165 рет қаралды

Оқиға Алматы — Екатеринбург тасжолының 516-шақырымында болған. Патрульдік экипаж трасса бойымен қауіпті түрде шайқала қозғалып келе жатқан жүк көлігін байқаған. Полицейлер тоқтату талабын бергенде, жүргізуші қашуға тырысқан, алайда жүк көлігі жол жиегінде балшыққа батып қалған, деп хабарлайды polisia.kz.

Қызметкерлер дереу әрекет етіп, кабинаға секіріп мініп, қозғалтқышты сөндіріп, кілтті суырып алды. Олар жүргізушіден алкоголь иісін сезіп, медициналық куәландыруға жеткізді. Сараптама оның орташа дәрежеде мас күйде болғанын анықтады. Ал жүргізуші жолға шығар алдында сыра ішкенін мойындаған.

Полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында жол үстіндегі ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Жүргізуші Қостанайдан Ресейге 30 тонна тұрмыстық техниканы тасымалдап бара жатқан. Бұл қаншама адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. 

Құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

14 қараша, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.