Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Атырау облысында оқушылар AmanSultan платформасы арқылы білім алуға көшті

218 рет қаралды

Атырау облысында 90 мыңға жуық оқушы AmanSultan оқу платформасын пайдаланып келеді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда өңірдегі 191 мектептің мұғалімдері мен 50 мектептің оқушылары еліміздегі жетекші цифрлық білім беру жүйелерінің бірі – AmanSultan платформасына қосылған. Бұл жүйе білім сапасын заманауи талаптарға сай жетілдіруге мүмкіндік беріп отыр.

Платформада орта мектеп пәндеріне арналған 2000-нан астам анимациялық оқу видеолары, 1500-ден көп интерактивті сабақтар, сондай-ақ физика, химия, биология пәндеріне арналған 50-ден астам тренажер мен 30 мыңнан астам интерактивті тапсырма бар. Сонымен қатар 5–11 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған арнайы жаттықтырғыш та жасақталған.

– Платформада ҚР ОАМ сарапшылары әзірлеген 4 және 9-сыныптарға арналған МОДО тренажері енгізілген. «МОДО — 2025» жаңа тәсілі негізінде 460 тапсырма дайындалды. Бұл – Қазақстанда алғаш рет Amansultan платформасында жасалған ерекше дайындық пакеті. Бұған қоса, жүйені қолданатын педагогтер үшін аттестацияға жарамды біліктілік арттыру курстары да ұсынылған, – деді облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева.

Қазір платформада 7 мыңнан астам мұғалім мен 90 мыңға жуық оқушы тіркеліп, оны белсенді түрде пайдаланып жүр.

14 қараша, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.