Атырау, 5 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Астанада лифт шахтаға құлады: бір адам мерт болып, екеуі ауруханада жатыр

340 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт шахтасына құлап, бір адам қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға қалай болды

Төтенше жағдай Төлебаев көшесі, 5 мекенжайындағы "Арыстан" тұрғын үй кешенінде болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар тарап, тұрғындар болған жайтқа наразы пікір білдірген.

Ресми мәлімет

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс жағдай жөндеу жұмыстары кезінде болған.

“Лифтке қызмет көрсететін компанияның бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Екі адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірінің жағдайы ауыр, екіншісінікі – орташа ауыр деңгейде. Бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде”, – делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Тергеу басталды

Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша “Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру” бабымен қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.


13 қараша, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.