Атырау, 5 желтоқсан 08:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Астана тұрғыны әріптестерінен ақша жинап алу үшін тірі әке-шешесін "бақилыққа" аттандырған

280 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Астанада компаниялардың бірінің қызметкері әріптестерінен ақшалай көмек алу үшін ата-анасы қайтыс болды деп алдап, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, ер адам алдымен басшылыққа әкесінің қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Әріптестері көңіл айтып, басшылық демалыс беріп, жерлеуге қаражат жинауды ұйымдастырған.

Бір аптадан кейін қызметкер тағы да ұжымның көмегіне жүгініп, анасының да қайтыс болғанын хабарлайды. Бұл жерде жиналған ақшаны жеке қажеттілігі үшін пайдалануды жоспарлап, тағы бір материалдық көмек алуды көздеген.

Алайда әріптестер оның айтқанын тексеру үшін оның анасымен байланысқан. Анасы тірі және дені сау екені анықталды. Қызметкерінің өтірігі әшкереленгеннен кейін басшылар полицияға жүгінді.

Барлығы 20-дан астам қызметкер әріптесіне жанашырлық танытып, шынайы көңіл айтып, әртүрлі сома аударған.

Аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада 31 жастағы әйел әріптестерінен ақша жинау үшін баласы жазатайым ауыр жағдайға ұшырады деп жалған оқиға құрастырған болатын.

13 қараша, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.