
Астана мен Бурабай арасында әуе рейстерін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, «Щучинск-Бурабай курорттық аймағы елде туризмді дамытудың үш орталығының бірі болып айқындалды. Курорттық аймақты 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілді.
Әкімнің айтуы бойынша, биыл курорттың ең көркем жерлерінде 8 алаң, қазіргі заманғы веложол салынған. Ойын элементтері бар бірегей Бөлектау эко жаяу жолы ашылды. Маусымда алғаш рет тікұшақ экскурсиясы іске қосылды. Сонымен қатар Астанамен тікелей қатынас орнату үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталуда.
"Бұл жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті Ахметжанов.
В Атырау +4