Атырау, 5 желтоқсан 08:49
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Литвадан кісі өлтіру ісі бойынша күдікті экстрадицияланды

161 рет қаралды
Сурет: Бас прокуратура
Сурет: Бас прокуратура


Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Литва Республикасынан 17 жыл бойы кісі өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша іздеуде болған Қазақстан азаматын экстрадициялады.


2007 жылы күдікті сыбайласымен бірге заңсыз жолмен баю мақсатында Алматы қаласына келген.

Олардың қылмыстық әрекеті өзге қылмыстық топ өкілдерімен жанжалға әкеліп, соның нәтижесінде олардың бірін өлтіруге шешім қабылдаған.

2008 жылғы 19 мамырда күдіктілер өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асырып, жәбірленушіні өз үйінің ауласында тосып алып, оған бірнеше рет оқ атқан. Соңғы оқ басынан тиген, яғни «бақылау» оқ болған.

Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілердің бірі ұсталып, кейін сот үкімімен сотталды, ал екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Жазадан жалтару мақсатында күдікті анкеталық деректерін өзгертіп, Еуропа аумағында жасырынған.

2025 жылғы тамыз айында Литва Республикасының шекарасын кесіп өту кезінде ұсталды.

Кейіннен Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталып отырған қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

13 қараша, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.