Атырау, 5 желтоқсан 08:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Полицейлер Ақмола облысында 12 келіден астам​ мефедрон тәркіледі

205 рет қаралды

Ақмола облысында полицейлер жергілікті тұрғыннан 12 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана аумағында жүргізілген арнайы операция барысында құқық қорғаушылар 14 полиэтилен пакетке салынған 12 келіден астам мефедронды анықтады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұзақ мерзімді жедел іздестіру нәтижесінде Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерінің бірінде күдіктіні ұстады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан. Тергеу барысында ол есірткі сақталған жерді көрсетті. Орман жолағында жүргізілген тінту кезінде құқық қорғаушылар 14 полиэтилен вакуумдық қаптаманы тапты. Сараптама нәтижесінде заттардың жалпы салмағы 12 келіден асқан, олардың құрамында мефедрон бар екені анықталды.

Аталған факті бойынша күдіктінің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

13 қараша, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.