Атырау, 5 желтоқсан 08:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтөбеде 3,2 млрд теңге бюджет қаражатын орынсыз жұмсауға жол берілмеді

204 рет қаралды

Ақтөбе облысының прокуратурасы 3,2 миллиард теңгеден астам мемлекеттік қаржының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойды. Бұл қаражат автожолдарды салу мен жөндеуге, аумақтарды абаттандыруға және әлеуметтік маңызы бар басқа да жобаларға бағытталуы тиіс болған.

Атап айтқанда, құқық қорғау органдары Ақтөбе қаласындағы А. Молдағұлова даңғылы бойындағы жолды орташа жөндеу бойынша келісімшарттың құнын негізсіз арттыру әрекетінің алдын алды.

2022 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Нұрлы Жол-7» ЖШС арасында 1 миллиард теңге көлемінде келісім жасалған. Алайда кейіннен жоба-сметалық құжаттар қайта есептеліп, шарт сомасы 1,3 миллиард теңгеге дейін өсірілген.

Прокуратураның араласуымен бұл сома 300 миллион теңгеге қысқартылып, бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Қазіргі таңда бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының тұрақты назарында.

13 қараша, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.