Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі болды

172 рет қаралды

Түркияның Төтенше жағдайлар мен апаттарды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, 12 қараша күні түстен кейін Жерорта теңізінде, Кипрдің грек әкімшілігіне қарасты Пафос қаласының маңында 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы АА хабарлайды.

Берілген мәліметке сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 17:23-те, Пафос қаласынан шамамен 18,84 шақырым қашықтықта болған.

Жер сілкінісі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) аумағында да сезілді.

Пафос қаласында болған екінші жер сілкінісінен кейін тұрғындар үйлеріне оралудан қорқып, кейбір мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды.

СКТР астанасы Лефкошада кей мектептердің оқушылары эвакуацияланып, отбасыларына жіберілді.

СКТР Азаматтық қорғаныс басқармасы елде жер сілкінісінен кейін ешқандай теріс жағдай тіркелмегенін хабарлады.

Сол ауданда бүгін түстен кейін 5,2 магнитудалы алғашқы жер сілкінісінен соң 12 афтершок (кейінгі дүмпу) болған.

13 қараша, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.