
Құрманғазы ауданындағы Азғыр өңірінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, тұрғындар өз әкімдерін сайлап алды.
Сүйіндік әкімі болып, басым дауысқа ие болған Думан Меңдешев сайланды. Ол 1994 жылы Сүйіндік ауылында дүниеге келген, білімі жоғары. 2021 жылдан күні бүгінге дейін Батырбек ауылдық бастауыш мектебінің меңгерушісі болып қызмет еткен.
Азғыр өңірінің әкімі болып Арон Гумаров сайланды. Ол 1986 жылы Балқұдық ауылында дүниеге келген, білімі жоғары. 18 жыл бойы табан аудармастан Азғыр ауылдық әкім аппаратында бас маман болып жұмыс істеген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -1