Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтөбе – Астрахань жолында мал өлімі жиіледі

Бейнежазба
281 рет қаралды

Құрманғазы және Исатай ауданы тұрғындары Ақтөбе – Астрахань бағытындағы жолдың бойында мал өлімі жиі кездесетініне алаңдап отыр.  

Айтуларынша бұған жол жиегіндегі темір тор қоршауларының сапасы нашар болғаны себеп болып отыр. 

"Мал торды жарып өтіп, жолға шығып кетеді. Кейін кірген жерін таба алмай, жол үстінде қалып қояды. Бұл жағдай әсіресе түн мезгілінде үлкен қауіп тудырады. Мына қоршаудың пайдасынан зияны көп. Тор өте әлсіз жасалған", – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Соңғы күндері жол бойында бір күнде үш жылқыны, келесі күні тағы үш жылқыны көлік қаққан. Тқрғындар редакцияға оқиға орнынан бейнежазбалар жіберді. 

Мұндай оқиғалар жиілеп кеткенін айтып, жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында қоршауларды сапалы материалдан қайта орнатуды сұрайды олар. 

Тұрғындар тарапынан жергілікті билік пен жолды күтіп ұстаушы мекемелерге мәселені назарға алып, тиісті шара қабылдауға өтініш түсіп жатыр.

Жергілікті билік өкілдері мен "КазАвтоЖол" мекемесі және мердігер компаниялар бұл мәселеге бей-жай қарамайды деп сенеміз.

Айнұр САПАРОВА

13 қараша, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.