
Алдағы бес жылда Қазақстандағы Теңіз кен орны Chevron компаниясына 28 миллиард доллар көлемінде таза табыс әкеледі. Бұл жөнінде «Нефть и газ Казахстана» арнасы Rystad Energy зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.
Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, ExxonMobil де Теңіз жобасынан шамамен 14 миллиард доллар табыс табады. Бұл компания үшін әлем бойынша екінші ең табысты жоба болып саналады.
Сарапшылардың болжамынша, 2025–2030 жылдар аралығында Каспий аймағындағы энергетикалық жобалар әлемдік мұнай-газ алпауыттарына айтарлықтай кіріс әкеледі.
Сонымен қатар, Қашаған кен орны алдағы жылдары TotalEnergies, Eni және Shell компаниялары үшін ең ірі қаржылық табыс көзіне айналмақ – әрқайсысы шамамен 5 миллиард доллардан пайда көреді. Ал BP компаниясы Әзербайжандағы «Шах-Дениз» газ жобасынан 6 миллиард доллар түсім алуы мүмкін.
Мамандардың пікірінше, елеулі қорлар, дамыған инфрақұрылым және тиімді әріптестік тәжірибесі бар Қазақстан мен Әзербайжан шетелдік инвестициялар үшін тартымды елдер қатарында қалуда. Ал Түрікменстан мен Өзбекстан да өз инвестициялық жағдайларын жақсартып, халықаралық серіктестікке ашық екенін көрсетіп келеді.
В Атырау +4