Атырау, 5 желтоқсан 07:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда қант диабетімен 13 мыңнан астам науқас тіркелді

332 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырау облысында қант диабетімен 13 720 адам тіркеуде тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Атырау облыстық ауруханасының штаттан тыс дәрігер-эндокринологы Айша Бермағамбетова мәлімдеді.

– Қант диабеті – жаһандық деңгейдегі өзекті мәселе. Бүгінде әлемде 537 миллионға жуық адам осы дертпен өмір сүріп жатыр. Бұл көрсеткіш 2045 жылға қарай 783 миллионға дейін артуы мүмкін, – деді А.Бермағамбетова.

Қазақстан бойынша ахуал қандай?

Қазақстанда 500 мыңнан астам ересек және 6000 нан астам бала қант диабетімен тіркелген. Дерт 2026 жылдан бастап әлеуметтік мәні жоқ аурулар қатарына енгізіліп жатыр. Казақстан денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуы бойынша, пациенттер тегін ем мен дәрі-дәрмекпен қамтылатын болады.

Дәрігерлер қант диабетінің тікелей өмір салтымен, тамақтанумен және дене белсенділігімен байланысты созылмалы ауру екенін еске салады. Дәрігерлер, әсіресе, артық салмағы бар және тұқым қуалайтын бейімділігі бар адамдарға профилактикалық тексеруден өтуге кеңес береді.

"Бастысы - қауіпті белгілерге немқұрайлы қарамау және алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну керек. Ерте диагностика жасау, дерттіңі асқынуынан аулақ болуға көмектеседі", - деп атап өтті эндокринолог.


12 қараша, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.