
Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте қола медаль жеңіп алды.
Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) ұйымдастырған биылғы әлем чемпионатында 50 метр қашықтыққа үш қалыпта ату бойынша Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская ел намысын қорғап, үздік үштікке енді.
Жарысқа 71 елден 697 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан ұлттық рейтинг пен республикалық іріктеу нәтижесінде таңдалған 15 үздік мерген сынға түсіп жатыр.
Чемпионат 18 қарашаға дейін жалғасады.
Бұл жеңіс — Қазақстан спортындағы маңызды жетістік. Құрама мүшелерінің кәсіби дайындығы мен командалық рухының нәтижесінде ел мерейі үстем болды.
В Атырау +4