Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысында жыл басынан бері терезеден 9 бала құлады

222 рет қаралды

Төтенше жағдайлар қызметінде ауа райының суытуына және бөлмелерді белсенді түрде желдетуге байланысты мұндай жазатайым оқиғалардың қаупі артатынын атап өтті.

Алдын алу үшін құтқарушылар полициямен бірлесіп рейдтер жүргізеді және тұрғындармен, әсіресе көп қабатты үйлерде түсіндіру кездесулерін өткізеді.

"Біз ересектерге ескертеміз: баланың қауіпсіздігі - сіздің қолыңызда. Терезелерге құлыптар орнату және балаларға бақылау жасау сияқты қарапайым шаралар өмірді сақтайды", - деп қосты ТЖД-да.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жыл басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауына қатысты тоғыз дерек тіркелген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаның көбі терезеде қорғаныштың болмауы және ересектердің немқұрайлылығы салдарынан болған. Іс жүзінде барлық жағдайда кішкентай балалар салмағын көтермейтін терезедегі маса қағуға арналған торға сүйенген.

"Мұндай қайғылы жағдайға жеткізбей, алдын алуға болады. Ата-аналар есте сақтауы керек: масаның торы баланы қорғап қала алмайды. Терезелерге бекіткіштер немесе шектеулер орнату керек, ал балаларды ешбір жағдайда қараусыз қалдыруға болмайды", - деп атап өтті облыстың төтенше жағдайлар департаментінде.

Төтенше жағдайлар қызметінде ауа райының суытуына және бөлмелерді белсенді түрде желдетуге байланысты мұндай жазатайым оқиғалардың қаупі артатынын атап өтті.

Алдын алу үшін құтқарушылар полициямен бірлесіп рейдтер жүргізеді және тұрғындармен, әсіресе көп қабатты үйлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Баланың қауіпсіздігі - сіздің қолыңызда. Терезелерге құлып орнату және балаларға бақылау жасау сияқты қарапайым шаралар олардың өмірін сақтап қалатынын ересектерге ескертеміз", - деп қосты ТЖД мамандары.

12 қараша, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.