Атырау, 26 қараша 06:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қымбат құрал қарап тұр

1 798 просмотра

Атырау облысы бойынша ревизиялық комиссия облыстың медициналық мекемелерін тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар, атап айтсақ, қымбат бағалы жабдықтардың жұмыс істемей тұру фактілері туралы хабарлады.

Ревизиялық комиссия мүшесі Асылан ҚҰМАРОВТЫҢ айтуынша, 10 медициналық мекемеде 185 миллионнан астам теңгенің жабдығы жұмыссыз тұр. Тексеру барысында жалақыны, сыйақы төлемдерін және іссапар шығындарын дұрыс есептемеу фактілері, сондай-ақ, облыстық туберкулезге қарсы диспансерде және Исатай аудандық ауруханадасанитарлы-эпидемиялық талаптардың бұзылуы анықталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында және оған қарасты мекемелерде бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне кешенді тексеру қорытындысында ревизорлар жалпы сомасы 280 млн теңге шамасында болатын қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 750 мың теңге.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ (суретте) осы заң бұзушылық-тарды объективті факторлармен түсіндіреді:

- Бүгінде облысымызда 280-ге жуық медициналық қызметкерлер жетіспейді. Жабдықтар, негізінен, аудандарда жұмыссыз тұр – ол жерлерде жаңа емханалар салынып, қымбат жабдықтармен қамтамасыз етілген, алайда онымен жұмыс жасайтын мамандар жоқ. Немесе туберкулез ауруханасында рентген-аппарат істен шыққан, ал жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер еш жерден табылмады. Оны жөндеуге біз хабарласқан Алматы да, басқа жерлер де алмайды. Қаржылық заң бұзушылықтарға келсек, мұнда да объективті себептер бар. Мәселен, дәрігер емхананың есебінен 700 мың теңгеге арнайы мамандандырудан өтті, ал кейіннен басқа жұмысқа ауысып, келісім бойынша емханаға оны дайындауға кеткен ақшаны қайтаруды жалғастыра береді. Мысалы, №5 емханада дәрігер қарыздың жартысы – 350 мың теңгені төледі. Алайда тексерушілер бұл уәжді қабылдаудан бас тартып отыр, біз бұл соманы сот арқылы өндіруіміз керек екен. Оған бірден мұндай сома қайдан келеді?

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.