
Атырау қаласының Нұрсая ықшамауданында бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын жаңа емхананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Бұл нысан облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша салынуда.
Үш қабатты, үш блоктан тұратын ғимараттың жалпы аумағы 1972 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын қоса алғанда, құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Жобаны «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс алаңында жеті арнайы техника мен 80-ге жуық жұмысшы еңбек етуде.
Емхананың ішінде алғашқы қабылдау бөлмесі, зертхана, балалар мен ересектерге арналған бөлімдер, сондай-ақ толық медициналық қызмет көрсететін кабинеттер қарастырылған. Нысан толықтай пайдалануға берілген соң, мұнда 170 маман жұмыс істейтін болады. Олардың қатарында 48 дәрігер мен 72 орта медициналық қызметкер бар.
В Атырау +4 




