
Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аяқ-қолынан айырылған 6 мыңдай палестиналық жедел және ұзақ мерзімді оңалтуға мұқтаж. Бұл адамдардың 25%-ы балалар, ал 12,7%-ы әйелдер, деп хабарлайды АА.
Министрлік медициналық ресурстар мен жабдықтардың жетіспеушілігі ампутациядан кейінгі науқастардың жағдайын күрделендіріп жатқанын атап өтті. Хабарламада бұл көрсеткіштер мыңдаған науқастар мен олардың отбасыларының қасіретін көрсетеді және реабилитация мен психосоциальдық қолдаудың шұғыл қажеттілігін білдіреді.
Министрлік гуманитарлық жағдайдың күрделілігіне назар аударып, денсаулық сақтау мен реабилитация саласындағы ұйымдарға шұғыл араласуды және науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетуге шақырды.
В Атырау +4