
Қазақстанның Энергетика министрлігі ел аумағынан мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салу туралы бұйрық бекітті.
Шектеу 2025 жылдың 20 қарашасынан 2026 жылдың 20 мамырына дейін күшінде болады және ол Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де қолданылады.
Министрлік бұл шара ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі отын нарығының тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ жанармай тапшылығы мен бағаның өсуінің алдын алу мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.
Құжатқа сәйкес, бензин, дизель отыны және өзге де мұнай өнімдерінің бірқатарына (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 және 3826) уақытша экспорттық тыйым енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда осындай шектеулер бірнеше рет енгізілген. Ол кезде бұл шаралар нарықты теңестіріп, бағаның өсуін тежеуге және жанармайдың көрші елдерге заңсыз шығарылуын болдырмауға мүмкіндік берген еді.
Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстайтынын және қажет болған жағдайда тыйымның мерзімін ұзартатынын хабарлады.
В Атырау +4