Атырау, 26 қараша 08:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тұрба тағы сыр берді

3 533 просмотра

Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралы. 26 тамыз 2013 ж. Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралы. 26 тамыз 2013 ж. «АЖ»-ға өз дереккөздерімізден белгілі болғандай, 24 қыркүйекте «Болашақ» зауытында апат орын алған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер ақпаратты растады, облыстық экология департаменті осы факті бойынша жоспардан тыс тексеруді бастады.

ТЖД мәліметтері бойынша, Аджип ҚКО-ның кезекші үйлестірушісінен 24 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 08.35-те сигнал түскен.

Көшірмелік хабарламаға сәйкес, құрлықтағы газ құбырын кезекті тексеру кезінде «ауада «Болашақ» зауытынан шамамен 2 шақырым қашықтықта шамалы газдың бар екені анықталды. Зауытта дабылдатқыш газ сигналдары іске қосылмаған, қызметкерлер үшін қауіп жоқ. Газ кету себебін арнайы топ анықтауда. Күні бойына отынды және қышқыл газды газ құбырында газ кету себебін анықтау үшін қысымды түсірді. Қазіргі уақытта қысымды түсіру аяқталды».

Ал біздің дереккөздер істің анағұрлым салмақтырақ екенін хабарлады: әңгіме күкіртсутек шығарындысына әкеп соққан газ құбырының жарылысы және шикі газдың кетуі туралы болып отыр. Содан кейін зауыт тоқтатылып, сол кезде тұрба құбырының бойында болған бүкіл газ көлемі алауларда өртелді.

Теңіз кеніші құрлық кенішімен бірге үш тұрба құбырын жалғайды: біреуі өңделмеген сұйықтыққа (мұнай мен суға) арналған, екіншісі тазартылмаған газға арналған (оқиға сонда болған), үшіншісі – теңіз және құрлықтағы нысандарда электр энергиясын өндіру үшін отын газын кері айдау тұрба құбыры.

«Болашақта» іске қосу-реттеу жұмыстарына жұмылдырылған мердігер компанияның қызметкерлері оларды 11 қыркүйектен (мұнай өндіріле бастаған күннен) бастап, қауіпсіздік тұрғысынан шығар, зауыт аумағына жібермейтінін жеткізді. Ал олар жұмыс уақыттарын автобустарда өткізеді.

Естеріңізге салсақ, бұл «Болашақ» зауытындағы соңғы айдағы екінші апат. 25 тамызда мұнай мен газды айыру учаскесінде клапаннан газ кеткен. Жұмысшылар ақау жойылғанға дейін қауіпсіз жерге көшірілді («Болашақта орын алған оқиға тергелуде»).

Бет қатталып жатқанда біз НКОК-тың сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Ханс ВЕНКТЕН түсініктеме алдық:

– 2013 жылдың 24 қыркүйегінде D аралынан «Болашақ» кешенді мұнай және газ дайындау қондырғысына жететін газ құбырын жоспарлы тексеру барысында аздаған газдың кеткені анықталды.

Газдың кетуі зауыттан 2,5 км қашықтықта санитарлық-қорғау аймағы маңында анықталды. Кәдімгі процедураларға сәйкес, осы газ құбырының құрлықтағы учаскесінде оны оқшаулау және қысымды түсіру жұмыстары жүргізілді. Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент болған оқиға туралы шұғыл хабардар болды.

Техникалық қауіпсіздік процедураларына сәйкес, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Ауаға тасталған уытты күкіртсутек шығарындысы анықталған жоқ, зардап шеккен ешкім жоқ. Бүкіл өндірістік нысандар күту режимінде, ал ұңғылар уақытша жабылды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 қыркүйек 2013, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.