Атырау, 5 желтоқсан 08:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

148 рет қаралды
Сурет: Хромтау ауданы әкімдігі
Сурет: Хромтау ауданы әкімдігі

Ақтөбе облысының Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе қаласының тергеу соты Шабықбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Әкімге қатысты тергеу амалдарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, параның мөлшері мен қандай жағдайда алынғаны әзірге жария етілмеген.

Белгілі болғандай, Сағындық Шабықбаев 2023 жылы Хромтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалған. Ол Қостанай облысының тумасы. Еңбек жолын Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған.

2017 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімі аппаратының қызметкері болып, 2018–2023 жылдары қаланың әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

12 қараша, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.