Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудың тумасы Қазақстан Сыртқы істер министрінің кеңсесін басқарады

1 292 рет қаралды
Қанат Шекқалиев, фото rail-news.kz
Қанат Шекқалиев, фото rail-news.kz

Қанат Шекқалиев ҚР Сыртқы істер министрінің кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

Шеккалиев 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер институтын, Атырау мұнай және газ университетін, Белостоктағы (Польша) Жоғары экономика мектебін бітірген.

Еңбек жолын ҚР СІМ маманы болып бастады; Ресей Федерациясының Астрахань қаласындағы Қазақстан консулы болды; ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің кеңесші-елшісі; ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметі басшысының орынбасары; ҚР СІМ қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры болды.

2017-2021 жылдар аралығында ҚР-ның Астрахань қаласындағы (Ресей Федерациясы) консулы және ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Елшісі болып жұмыс істеді.

2021 жылдың тамыз айында ҚТЖ шетелдік мемлекеттердің т/ж компанияларымен өзара іс-қимыл департаментін басқарды. Оның фейсбук-парақшасындағы деректерге қарағанда, 2022 жылдың қыркүйегінде СІМ-ге жұмысқа ауысып, 2023 жылы қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментін басқарған.

12 қараша, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.