Атырау, 9 ақпан 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Түркия әскери ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады

352 рет қаралды

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі C-130 әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ Әзербайжаннан Түркияға бағыт алған кезде Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында құлаған, деп хабарлайды АА. 

Министрліктің NSosyal платформасында жариялаған ресми мәлімдемесіне сәйкес, апат орнына іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, олар Әзербайжан және Грузия билігімен бірлесіп жүргізілуде.

Қазіргі уақытта апаттың себептері мен салдары анықталып жатыр. Ресми органдар оқиғаға қатысты қосымша ақпаратты кейінірек жариялайтынын мәлімдеді.

11 қараша 2025, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.