Атырау, 5 желтоқсан 08:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда жүргізуші баланы қағып, 110 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Бейнежазба
379 рет қаралды

Атырауда сот бала зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысты істі қарады.

Бұл туралы қаланың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.

Бұл оқиға 2025 жылғы 3 шілдеде сағат 19:20 шамасында қаладағы үйлердің ауласының бірінде болған. «Lada Granta» маркалы көлік құралын басқарған жүргізуші Атырау қаласындағы үйдің подъезді тұсында жол қауіпсіздігін қадағаламай, жасөспірімді қағып құлатып, жол жүру ережесінің 10.72 тармағын бұзған.

Сот медициналық сараптама қортындысына сәйкес жәбірленуші жеңіл дәрежелі дене жарақатын алған.

Жүргізушінің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен және бейнежазбамен расталды. Сот құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолдану барысында оның кінәсін мойындап, әрекетіне өкінуін оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

"Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ескеріліп, айыппұл сомасы 30%-ға, яғни 110 096 теңгеге қысқартылды", - делінген соттың хабарламасында. 


11 қараша, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.