Атырау, 5 желтоқсан 08:48
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қант диабеті, БЦП аурулары бар науқастар үшін мемлекеттік көмектің толық көлеміне кепілдік беріледі

247 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы аурулары бар науқастар үшін медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің толық көлемінің сақталуына кепілдік береді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.

«Олар үшін дәрілік заттармен және басқа да медициналық көмекпен қамтамасыз етудің барлық кепілдіктері сақталады. Біз тек әкімшілік сипаттағы рәсім аясында оны бір пакеттен екінші пакетке ауыстырдық. Бұл біздің ішкі бұйрығымыз. Біз пациенттерге жаңа жағдайда одан да жақсырақ көмектесетін боламыз», — деп атап өтті вице-министр.

Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт нозология міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қаржыландыруға көшірілетінін еске салды. Олардың арасында қант диабеті, біріктіруші бұлшықет тіндерінің жүйелі аурулары және БЦП бар. Бұл ретте көмек көлемі өзгермейді. 

«Бүгінде мұндай науқастардың саны 560-қа жуық. Олардың 92%-ы сақтандыру мәртебесіне ие. Жеңілдікті санаттарды құрайтын және мемлекет жарна төлейтін 11 млн азамат бар, олар - біздің балаларымыз, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздар, әскери қызметшілер, студенттер және басқа да азаматтардың барлығы қамтылады. Сақтандыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады»,  — деді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева.

11 қараша, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.