
10 қараша күні Атырауда өткен қайырымдылық аукционында «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың қолтаңбасы бар доп 12 миллион теңгеге сатылды.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бұл қаржы баспанасыз қалған бір отбасына үй сатып алуға бағытталады. Аталған отбасы шараға қатысып, залда болған.
Допты сатып алған кәсіпкер — Атырау қаласының тұрғыны. Ол өзінің есімін жарияламауды жөн көрген.
В Атырау +1