Атырау, 15 шілде 09:19
 дождьВ Атырау +25.7
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

​Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты

540 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты.

Қазақстан Президенті Мәскеуге екіжақты келіссөзге және халықаралық іс-шараларға қатысу үшін келді.

Экономикалық серіктестік, энергетикалық ынтымақтастық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылау, сондай-ақ бірқатар келісімге қол қою жоспарланып отыр.


11 қараша 2025, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.