Атырау, 5 желтоқсан 08:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құдайберген Арымбек Қазақстанның Энергетика вице-министрі қызметінен кетеді

227 рет қаралды

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек жақын күндері қызметінен кетеді деп күтілуде. Ол жұмыс істеген уақытында елдің ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша реформаларды ілгерілетуде маңызды рөл атқарды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Құдайберген Арымбек әр жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде жұмыс істеді.

Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы және департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдан бастап вице-министр болып тағайындалғанға дейін энергетика министрлігінің көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры болды.

Оның тікелей қатысуымен жергілікті қамту үлесін арттыру үшін ірі операторлардың тендерлік рәсімдері өзгертілді, сондай-ақ ынталандыру тетіктері енгізілді. Бұған қоса, ірі жобалардағы ЖҚ үлесін 2029 жылға дейін нақты арттыру бойынша ірі операторлармен келіссөздер жүргізілді. Жер қойнауын пайдалану бойынша жобалау жұмыстарын орындау кезінде ел ішіндегі құндылықтың ең төменгі көрсеткіштері кемінде 80% деңгейінде белгіленді.

11 қараша, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.