
Себебі Қытай тарапының өткізу қабілетінің уақытша төмендеген.
МКК атап өткендей, 2025 жылғы 22 қазанда Үрімжі қаласында Қазақстан мен Қытай өкілдерінің кездесуі өткен. Кездесу барысында тәулігіне кемінде 800 жүк көлігін қабылдау, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1000-ға дейін арттыру туралы уағдаласқан болатын.
Алайда 8–12 қараша аралығында іс жүзінде 700–750 көлік қабылданған, бұл өз кезегінде кезектің уақытша ұлғаюына әсер етті.
Сонымен қатар, «Қалжат – Дулаты» (ҚХР) өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін орнату жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңде өткізу қабілеті шектеулі болғандықтан, бір бөлігі «Нұр жолы» пункті арқылы бағытталды.
13 қарашадан бастап электронды кезек жүйесіндегі (ЭКЖ) көлік беру лимиті тәулігіне 650 көлікке дейін оңтайландырылады. Бұл көлік ағынын біркелкі реттеуге және өткізу процесін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
В Атырау +4