Атырау, 5 желтоқсан 08:48
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ШҚО-да полиция көлігінің капотында селфи жасағаны үшін айыппұл салынды

232 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот анықтағандай, 2025 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 20:00 шамасында Г. есімді азаматша автожуу орнының аумағында көрсетілген жерде тұрған Алтай ауданы полиция бөлімінің қызметтік көлігінің капотына шығып, суретке түсіп, суретті TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған. Осылайша, ол билік өкілдеріне деген құрметсіздігін көпшілік алдында көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сотта әйел кінәсін мойындады. Оның әрекеттерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, полиция инспекторының баяндамасы, фотосуреттер және түсіндірме растады.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, ұсақ бұзақылыққа жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, 20 сағаттан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады.

Сот Г. есімді азаматшаның жұмыс істемейтінін және екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын ескерді. ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге қамау қолданылмайды. Нәтижесінде сот оған 30 пайыздық қысқартуды ескере отырып 20 АЕК мөлшерінде - 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салды.

11 қараша, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.