
Республикада жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық норма шегінде қалып отыр.
Сырқаттанушылық динамикасы тұрақты және өткен жылдың көрсеткіштерінен төмен деңгейде.
Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 1,27 млн жағдайы тіркелді – бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға аз.
А типті тұмаудың 304 жағдайы (H3N2) расталды — бұл жыл сайын айналатын стандартты маусымдық кіші түр. Вирустың жаңа штамдары анықталған жоқ.
ДДҰ болжамы бойынша, ағымдағы маусымда вирустың үш штамы өзекті:
- A (H1N1),
- A (H3N2)
- B.
Олардың барлығы вакцинаның құрамына енгізілген, сондықтан вакцина аурудың ауыр түрлерінен тиімді қорғаныс береді.
ТМККК шеңберінде халықты иммундау үшін тұмауға қарсы вакцинаның 2,1 млн дозасы сатып алынды. Бұл халықтың 11%-ын вакцинациямен қамтуға мүмкіндік береді, яғни ДДҰ-ның ұсынылған деңгейіне сай және одан асып түседі. Қазіргі уақытта 1,9 млн адам (халықтың 9,4%-ы) вакцина алды, науқан жалғасуда.
Тегін вакцинация келесі санаттағы азаматтарға жүргізіледі:
- – медицина қызметкерлері;
- – диспансерлік есептегі балалар;
- – жетімдер мен мүгедектер;
- – жүкті әйелдер;
- – 65 жастан асқан қарттар;
- – созылмалы аурулары бар тұлғалар.
Вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханаларда немесе жеке медициналық орталықтарда (ақылы негізде) алуға болады.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға уақтылы вакцинациялануды, жеке гигиена ережелерін сақтауды, үй-жайларды жиі желдетуді және ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге жүгінуді ұсынады.
В Атырау +4