
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратураның басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдауды бастады.
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов хабарлады. Оның айтуынша, аналардың ешбір уәжі назардан тыс қалмайды.
Кездесу барысында аналардың әрбір өтініші мен уәжі мұқият қаралады. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің жарақат алуы мен қаза табуының алдын алу шаралары, әскери қызметке шақырудың заңдылығы және медициналық қорытындылардың негізділігіне құқықтық баға беріледі.
Бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері де тартылған.
В Атырау +4