
Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша, жобаның тапсырыс берушісі — «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша таңдалған.
Қазіргі таңда 100 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қыс мезгіліне дайындық қамтамасыз етілген: жолаушыларға арналған уақытша құрылыстар мен күту аймақтары әзір.
Жалпы 124 вокзалдың 121-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қалған 3 нысан тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми зерттеулерден өтуде, бұл вокзалдарға жөндеу жұмыстары 2026 жылы жоспарланған.
Вице-министрдің мәліметінше, вокзалдардың шамамен 70%-ы соңғы 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Техникалық тексеру нәтижесінде кейбір тіреуіш бағандар мен конструкциялар жарамсыз деп танылып, 42 нысан толықтай бұзылған.
«Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігерлер құрылыс қарқынын арттыруы қажет», — деді Мақсат Қалиақпаров.
В Атырау +4