
Маңғыстау облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын бақылау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
2025 жылдың басынан бері 9 миллиард теңге көлеміндегі негізсіз шығынның алдын алу шаралары қабылданды. Нәтижесінде 121 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 34 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі — тауарлардың құнын асыра көрсету, артық немесе қажетсіз тауарлар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік өтінімсіз қаражат бөлу фактілері.
Мұндай жағдайлар облыстың барлық қала және аудандарында тіркелген. Прокуратура бұл бағыттағы жүйелі бақылау жұмыстарын жалғастыруда.
В Атырау +4